RU
Толық нұсқаға өту

Астанада жазушы Роза Мұқановамен шығармашылық кездесу өтті

24.10.2026, 22:30 33

Астанада «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында белгілі жазушы, драматург Роза Мұқановамен шығармашылық кездесу өтті. Шара Креативті индустрияларды дамыту қорының республикалық марафоны аясындағы «Автормен кездесу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.


Жиында қаламгердің әдеби мұрасы мен шығармашылық жолы талқыланып, адам тағдыры, тарихи жады мен рухани құндылықтарды арқау еткен «Мәңгілік бала бейне» туындысына ерекше назар аударылды. Еркін форматта өткен жүздесуде оқырмандар жазушымен пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарын қойды.

Роза Мұқанова, жазушы:

– Олардың бүгінгі күні жауап таба алмай жүрген сұрақтарына жауап іздеу маңызды. Бұл — үлкен ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықтың, мәдени және ақпараттық байланыстың көрінісі. Менің ойымша, бүгін жастар да өсті, олардың үнін тыңдау арқылы мен де өстім.

Ерлан Каналимов, Креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма басшысы:

– Осындай авторлармен кездесу акциясы әртаман өтетін болады әр облыс орталығында. Өзіміздің Алматы-Шымкент қалаларында. Оған қоса мына шетелдік авторлардың төрт-бесеуімен онлайн форматта кездесу, ұйымдастыру бізде жоспарымызда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz