RU
Толық нұсқаға өту

Астанада спорттық биден әлем чемпионаты өтіп жатыр

25.10.2026, 19:52 35

Астанада би алаңындағы тартыс қызды!

Елордада алғаш рет халықаралық спорттық би бәсекесі өтіп жатыр. "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен ұйымдастырылған додаға 15 елден 70-ке жуық биші жиналды. Екі күн бойы қатысушылар латынамерикалық билерден шеберлік байқасып, үздіктерді анықтайды. Ал жарысқа қолдау көрсеткен "Самұрық-Қазына" қоры биыл 20 жылдық белесін атап өтіп жатыр.

Бұл бишілер бәсекесінің бәсі бөлек. "Самұрық-Қазына"-ның қолдауымен ұйымдастырылған дода Астанада алғаш рет. Әлемдік би спорты федерациясының біріншілігіне Армения, Болгария, Грузия, Италия сынды әлемнің түкпір-түкпірінен 69 спортшы келген. Сайыста ел намысын 34 биші қорғайды. "Мұндай деңгейдегі жарыстар елімізде спорттық бидің дамуына серпін береді", дейді доданың бас серіктесі. 

Ғибрат Ауғанов, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарушы директоры:

- Бүгін Қазақстанда алғаш рет спорттық биден әлем чемпионаты өтіп жатыр. "Самұрық-Қазына" қоры осы спорттың дамуына үлесін қосып келе жатыр. Жалпы Самұрық - Қазынаның қайырымдылық қоры 4 бағытта боп келеді. Инклюзия және денсаулық сақтау, білім беру және бұқаралық спортты дамыту. Бір жылдың көлемінде біз 1 млнға жуық қазақстандыққа көмек көрсетеміз.  

Биыл "Самұрық-Қазына" АҚ құрылғанына 20 жыл. Қос он жылдықта компаниялар тобы спорт, мәдениет, инклюзивті білім беру және адаптивті спорт салаларындағы жүздеген жобаны қолдады. Қаржылай көмекті аямады. Бұл чемпионатты қолдаудағы басты мақсат - жастардың қабілетін ашуға жағдай жасау.

Бақтияр Мұқатаев, ұйымдастырушылар тобының мүшесі:

 - Жалпы осы чемпионатқа дайындығымыз жақсы. Спорттық би бағыты бойынша жылжимыз. Оның ішінде осы әлем чемпионаты Латын Америкасы бағыты бойынша өтіп жатыр. 

Бишілер бәсекесі екі күнге созылады. Халықаралық деңгейдегі төрешілер 15 елден келген 70-ке жуық қатысушы арасында мықтыларды анықтамақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz