RU
Толық нұсқаға өту

Әмірлікте қазақ мәдени орталығы ашылды

26.10.2026, 10:00 37

Абу Дабиде «Шаңырақ» деген атаумен қазақ мәдени орталығы ашылды. Ұлттық тағылым мен тәрбие ошағы Республика күнінде жұмысын бастады. Әуезді ән шырқалып, қос ішек домбырадан күмбірлете күй төгілді. Салтанатты іс-шараға Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қазақ дипмиссиясының жетекшісі Рауан Жұмабек қатысты. Елшілік тарапынан жобаның жүзеге асуына көп көмек көрсетілді, деп хабарлайды 24KZ.


Қалталы азаматтар да демеушілік жасады. Қызмет бабымен араб жерінде жүрген отандастарға бұл орталықтың игілігі мол. Өйткені мұнда қазақы құндылықтарға сай тәлім-тәрбие беріледі. Жастар жағы бойындағы ұлттық болмысын арттырып, рухани күш-қуат алады. Әмірлік астанасында бұған дейін мұндай басқосу алаңы болмаған.

Әлімжан Қосымов, «Шаңырақ» қазақ мәдени орталығының директоры:

– Біздің мақсатымыз – осы жердегі қазақтардың басын қосып, олардың отбасына пайдамызды тигізу. Соған байланысты біз атқаратын іс-шаралар: апта сайын футбол болады, демалыс сайын kids school, балаларға домбыра, тарих секілді сабақтар өткіземіз. Сондай-ақ бізде кітапхана бар. 500-ге жуық кітап қойылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz