RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте Батырбек Өтептің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

27.10.2026, 20:45 38

Шымкентте қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушы Батырбек Өтептің 80 жылдығына арналған «Өнерімен өрілген ғұмыр» атты көрме ашылды. Оған суретшінің 40-қа жуық еңбегі қойылды. «Отбасы», «Гүлденген Қазақстан», «Атамекен» және «Дала әуені» сияқты еңбектері туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейді, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақтың қолданбалы өнеріне гобелен жанрының жаңа бағытын енгізген тұлғаның «Түркі дастаны», «Бозторғай» туындылары алтын қорға енген. Қылқалам шеберінің мұрасын дәріптеу мақсатында дарынды балаларға арналған «Өнер» мектебіне Батырбек Өтептің есімі берілді. Алдағы уақытта көрмені өзге өңірлерде өткізу жоспарланып отыр.

Бибайша Өтепова, Б. Өтептің жұбайы:

– 1992 жылы 45 жасында қайтыс болды. Содан бері ол кісінің еңбектерін жаңғыртып, есімі мен мұрасын ұмыттырмау үшін жұмыс істеп келеміз. Шетелдерде көрмелерге қатыстық, шақыртулар да көп. Жастарға мың алғыс! Осы батырдың еңбегін ескеріп, осындай шара ұйымдастырып, халыққа таныстыруды ұсынғандарына ризашылығымды білдіремін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz