RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық жәдігерлер ICESCO ұйымының тізіміне енуі мүмкін

05.11.2026, 22:09 38

Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі, Қармақшы жыраулары мен тоғызқұмалақ ойыны Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының мұралар тізіміне енген. 

Қазір мамандар ИСЕСКО-ға тағы 10 номинацияны кіргізу бойынша жұмыс істеп, тарихи құндылығы бар бұйымдарды зерделеп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Ислам әлемінің мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне арналған өңірлік семинарда айтылды. Жиынға қатысушылар материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау, түгендеу, нысандарды осы ұйымның тізіміне енгізу үшін номинациялық құжаттама әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттік органдарының өкілдері, мәдени мұраны қорғау саласындағы сарапшылар мен мамандар қатысты. 

Жанерке Шәйгөзова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдени мұра жөніндегі сарапшысы:

- 10 номинация жасалды. Оның ішінде кимешек, шапан, камзол, тағы басқалар бәйге деген көп 10 номинация дайындадық биыл. Ендігі жылдың басында Түркістан қаласында оның шешімі айтылады.

Бибел Чебби, ICESCO ислам әлемінің мұрасы орталығының сарапшысы:

- Орталық Азияға ерекше назар аударып отырмыз. Өңірдегі тарихи-мәдени нысандардың ерекшеліктерін талқылап, оларды дамыту жолдарын қарастырдық. Қазір мәдени мұралар тізімі мамандардың қолында. Олар ұсынылған нысандарды жан-жақты зерделеп жатыр. Осылайша Орталық Азияның бай мұрасын халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz