RU
Толық нұсқаға өту

«Пиноккионың бастан кешкендері» қазақ тіліне аударылды

12.11.2026, 21:28 24

Астанада «Пиноккионың бастан кешкендері» ертегісінің қазақ тіліндегі басылымы таныстырылды. Италиялық жазушы Карло Коллодидің әйгілі туындысы түпнұсқадан тікелей аударылды. Кітапты әзірлеуге аудармашы мен редакторларды қосқанда бес маман атсалысты, деп хабарлайды 24KZ.

Алғашқы таралымы – 500 дана. Алдағы уақытта ол мыңға дейін жеткізіледі. Пиноккионың қазақша нұсқасы бір аптадан кейін сатылымға шығады. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама әлемдік балалар әдебиетін кеңінен танытуға және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 

Антонелло Де Риу, Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Осы оқиғаға ерекше қуаныштымыз. «Пиноккионың бастан кешкендері» әлемнің 200-ден астам тіліне аударылған. Кітап балаларға ғана емес, ересектерге де арналған. Себебі онда есейіп, қателіктерден сабақ алу және оларды түзете білу туралы айтылады. Сондықтан бұл оқиға әркімнің жүрегіне жақын.

 Раиса Сайран Қадыр, Steppe & World Publishing басылымының директоры:

- Бір жыл бұрын Италия мәдени институты бізге осы ұсыныспен келді Пиноккионы 200 жылдығына орай қазақ тілінде балаларды қуантып қазақша шығарайықшы деген ұсыныс берді. Сол себепті біз биыл осы кітапты қазақ тілінде шығардық және бір аптаның ішінде осы кітапты барлық кітап дүкендерінен сатып ала аласыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz