Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Өмір шуағы» атты көрме өтті. Көрмеге зағип және көру қабілеті нашар суретшілердің 30-дан астам туындысы қойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Авторлар өзінің сезімін, жан толғанысын және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен шебер жеткізген. Кейбірін тіпті өздері жазған өлеңмен толықтырған. Облыста көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар 6 мыңнан астам адам тұрады. Көрме жыл сайын 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай ұйымдастырылады.
Әния Сәдуақасова, қала тұрғыны:
– Мен көрмеге төрт жұмысымды ұсындым. Олар негізінен табиғат тақырыбына арналған. Осы туындыларым арқылы өз дүниетанымымды, өмірді қалай сезінетінімді жеткізгім келді. Сурет салуды бала кезімнен ұнатамын. Кейін көру қабілетім нашарлаған кезде арнайы мәдениет үйі бар екенін білдім. Содан бері сол жердегі сурет үйірмесіне тұрақты түрде қатысып келемін.
Тегтер #24KZ #Қарағанды #көрме #зағип жандар #суретшілерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz