RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Қуанышбаев атындағы театрға 35 жыл толды

15.11.2026, 21:50 38

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының құрылғанына 35 жыл толды, деп хабарлайды 24KZ.

Мерейтойға орай елордада бірқатар мәдени шара өтті. Ұлттық кітапханада «Ұлттық театр» кітабы мен театр әртістерінің шығармашылық өміріне арналған басылымдар таныстырылды. Сондай-ақ театрда Жақып Омаров атындағы кіші сахна ашылып, өнер ордасының негізін қалаған режиссердің портреті қойылды. Аға буын актерлерге арналған портрет галереясы көпшілікке таныстырылды. Өнер ордасының мерейтойы актерлердің қызыл кілемдегі шеруімен және үлкен сахнада өткен шығармашылық кешпен қорытындыланды.

Ербол Хабылбеков, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры:

– 35 жыл бойы жүріп өткен тарихымызды жаздық. 35 жылда жеткен жетістігіміз өте көп. Бізде халық әртістері, «Барыс», «Парасат» ордені, еңбек сіңірген әртістер – бәрі бар. Бұл – біз үшін тарихи күн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz