Оралда суретші Мұратбек Жоламановтың картиналары көпшілік назарына ұсынылды. «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көрмеге автордың 40 шақты туындысы қойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ерекше дарын иесі Сырым ауданында дүниеге келіп, Алматыда кәсіби білім алған. Оның «Хан көтеру» тақырыбындағы дипломдық жұмысы академиядағы ең үздік шығарма болды. Республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан қылқалам шебері жас суретшілер бірлестігін құруға атсалысты. Небәрі 34 жыл ғұмыр кешкен Мұратбек Жоламановтың кескіндемелері бүгінде Түркия, Польша, Ұлыбритания және Кореядағы жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. Көрме суретшінің 60 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналды.
Қуандық Мәдір, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі:
– Мұратбектің шығармашылығы жалпы ұлттық рухты көтеретін тарихи тақырыптарға жазған шығармалары көптің көкейінен орын алады. Енді бейнелеу өнерінің композицияларына келер болсақ, бейнелеу өнерінің реалистік бағтында, символизмда, сюрализм бағытында сосын стилизацияларға көп жұмыстанған суретші ретінде соның ішінде композицияларына қарасаң ерекше шешімдерді көресің. Енді жастай кетті. Әлі күнге дейін аман есен жүрсе, біраз шыңды бағындырар еді деп ойлаймын.
Тегтер #24KZ #Орал #көрме #суретшілер #картинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz