RU
Толық нұсқаға өту
фото: Қазақфильм

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

18.11.2026, 14:42 35

Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары мен басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды. 2023 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz