RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Соңыра» фильмінің премьерасы өтті

18.11.2026, 23:12 18

Астанада өрт сөндірушілердің өмірі мен қызметіне арналған «Соңыра» көркем фильмінің премьерасы өтті. Туындыда адам өмірін құтқару жолында күн сайын қауіпке бас тігетін мамандардың ерлігі мен тағдыры суреттеледі, деп хабарлайды 24KZ.

Кинокартинада құтқарушылардың кәсіби міндетімен қатар отбасылық қиындықтары мен әлеуметтік мәселелері қозғалады. Фильм құтқарушылардың жанқиярлық еңбегін кеңінен таныстырып, олардың қызметінің көрерменге беймәлім қырларын ашуды көздейді.

Дархан Кәріпов, сценарист режиссер:

– Бұл фильм өрт сөндірушілер туралы емес, бұл – өмір туралы фильм. Онда өрт сөндірушілердің қызметінен тыс өмірі, олардың жеке бастан кешіретін оқиғалары баяндалады. Бұл – көрерменді өмір туралы терең ойға жетелейтін туынды. Фильм арқылы айтқымыз келгені – өзіңе көңіл бөл, өз өміріңді ұмытпа және маңызды дүниелерді кейінге қалдырма деген ой.

Ерасыл Мәмеков, өрт сөндіруші:

– Иә, киноға түсу өте қиын болды. Біз өзіміз өрт сөндіргеннен кейін, адам құтқарғаннан кейін, кино саласында жұмыс істеп көрмегендіктен қиын болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz