RU
Толық нұсқаға өту

Сурет пен мүсіндегі қазақы болмыс: дәстүр мен модернизм

19.11.2026, 22:30 16

Көне түркі-сақ дәуірі мен дәстүрлі ұлттық дүниетанымды еуропалық модернизм тәсілдерімен ұштастыра білген өнер иесі. Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Асқар Есдәулеттің көрмесі ашылды, деп хабарлайды 24KZ.

Онда қойылған туындылар бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, ұлтымыздың салт-дәстүрі, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, қазақ аңыздары мен мифологиясы бейнеленген шығармалар қойылған. Жалпы экспозицияға 100-ге жуық кескіндеме туындысы мен мүсін таңдап алынды. Асқар Жұмабекұлы суретшілік пен мүсіншілікті қатар алып жүр. Айтуынша, осы жұмыстарды әзірлеуге шамамен 5 жыл уақыт жұмсаған. Алматылықтар мен қала қонақтары көрмені 6-шы желтоқсанға дейін тамашалай алады.

Санжар Сырғабаев, Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің ғылыми қызметкері:

– Арғы қазақтың мифологиясын зерттеген кезде салыстыра отырып, зерттеу керек. Дәл сол мысалды өзінің шығармашылығына суретші де пайдаланғысы келген секілді. Себебі ол суретші күнделікті адамдардың тұрмысын, ас үстіндегі қойдың басын тарту деген сияқты әдет, дәстүрлерін мифологиялық сюжеттермен, бейнелермен байланыстыра отырып, осындай ауқымды жұмыстар жасаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz