RU
Толық нұсқаға өту
dimashnews.com

Димаш Құдайбергенге WBC-дің құрметті белдігі табысталды

20.11.2026, 12:33 41

19 қарашада Мехикода Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрметті белдігі берілді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл – өнер иесінің әлемдік деңгейдегі жетістігіне және халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесіне көрсетілген құрмет.

Белдікті Қазақстанның WBC ұйымындағы өкілі Әлихан Жарылғапов пен кеңес өкілдері табыстады.

WBC-нің әйгілі жасыл белдігін кезінде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Рой Джонс кіші және Флойд Мейвезер иеленген. Бұл марапатқа орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин де қол жеткізген.

WBC өкілдері мұндай құрметтің кез келген адамға көрсетіле бермейтінін атап өтті. Олардың пікірінше, Димаш – музыкасы мен адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеуі арқылы әлемге танылған ерекше тұлға.

Белдікті табыстау бастамасын WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген. 

Кездесуде спорт пен өнердің ортақ миссиясы да сөз болды. WBC өкілдері бокс пен музыканы адамдарды жақындастыратын, бірлік пен бейбітшілікке үндейтін күш деп бағалады. Олар Димаштың БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымымен жүргізіп жүрген жұмысын да атап өтті.

Димаш Құдайберген бұл құрметті Қазақстан мен Мексика арасындағы достықтың, музыка мен бірліктің мерейі деп бағалап, WBC өкілдеріне алғыс айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz