RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Беларусь киносы күні өтті

25.11.2026, 23:45 29

«Беларусьфильм» ұлттық киностудиясы елордалық көрермендерге «Песня Сирин» анимациялық фильмін және «Классная» драмасын ұсынды. Бағдарлама режиссер Елена Турованың анимация бойынша шеберлік сабағымен басталды. Одан кейін көрермендер оның славян мифологиясына негізделген фильмін тамашалады, деп хабарлайды 24KZ.

Елена Турова, «Беларусьфильм» киностудиясының анимациялық фильмдер студиясының көркемдік жетекшісі:

– Мақсатымыз – қалың көрерменді славян мифологиясымен, халқымыздың мәдени тамырымен таныстыру. Өкінішке қарай, өз мифологиямыз көпшілікке кеңінен таныла қойған жоқ. Ал ежелгі грек мифтері кеңінен таралған. Мысалы, Один мен Торды жұрт жақсы біледі. Ал «Макошь кім?» немесе «Велес кім?» деп сұрасаңыз, нақты жауап бере алатындар аз шығар. Бәлкім, біреулер Иван Купаланы еске түсірер. Негізі біздің мифологиямыз да дәл сондай қызықты әрі бай.

Ал ресми ашылу рәсімінен кейін режиссер Кирилл Халецкий «Классная» драмасын таныстырды. Фильм ауыл мектебіне жұмысқа келген жас мұғалімнің оқушылардың сеніміне ие болу жолын баяндайды. Жалпы Беларусь киносы күні Қазақстанда алғаш рет өтті. Осы күндері Минскіде қазақстандық кинолардың да тегін көрсетілімі өтіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz