RU
Толық нұсқаға өту

Оралда дәмханадағы өрттен 2 адам қаза тапты

04.01.2024, 11:10 651

Оралда дәмханада болған өрттен 2 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Құтқарушылар оқиға орнынан 6 адамды алып шықты. Оның бесеуі ауруханаға жеткізілді. Бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 110 адам мен 30 техника жұмылдырылды.  Болжам бойынша қирандылардың астында тағы 2 адам болуы мүмкін. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде дәмханада газ жарылып, 2 қабатты ғимараттың төбесі опырылып түсті. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz