RU
Толық нұсқаға өту

Аягөзде суға кеткен үш адам іздестіріліп жатыр

27.03.2024, 17:41 956

Абай облысының Аягөз ауданында суға кеткен үш адам іздестіріліп жатыр.

47 жастағы ер адамнан 23 наурыздан бері хабар жоқ. Ол Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде аттан құлап, суға кетті деген болжам бар. Тағы екі тұрғын трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар "Шалқар" қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан. Іздеу жұмысына 41 адам, 4 қайық, 5 техника мен 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өзеннің деңгейі көтерілгеннен кейін қазіргі таңда ол жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 13 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Екі қайық. Тапты трактордың аударылып жатқанын. Адамдар бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz