Абай облысындағы Көкпекті ауданында екі шопан құтқарылды.
Олар мал қайыруға шығып Көкпекті өзенінің көтерілуінен қыстаққа өз бетінше қайта алмаған.
Құтқарушылар 39 жастағы ер адамды «Тассай-Көкпекті» автожолының көпірінен тауып, қайықпен жағаға шығарған. Екінші адам өзен маңындағы аралдан табылған. Ол Ми-17 тікұшағымен жағаға жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz