RU
Толық нұсқаға өту

«Атырау-Орал» тасжолын су басты

15.05.2024, 19:20 1962

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Жалғансай ауылының тұсында республикалық Атырау-Орал тасжолын су басты, деп хабарлайды 24KZ.

Көлік қозғалысы толық тоқтатылған. Махамбет ауылы мен Орал қаласына жолаушылар облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тасжолы мен «Ортақшыл-Махамбет» көпірі арқылы қатынай алады. Қазір республикалық маңызы бар жолдағы қауіпті аймақта суды бөгеу жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz