RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында тұз қышқылы төгілді

26.05.2024, 21:15 1326

Құтқарушылар төгілген тұз қышқылын жойды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқыс оқиға Аршалы ауданының Сарыоба стансысында болған. Зиянды зат жүк цистерналардың біріндегі жарықтан аққан. Оқиға орнында облыстық және аудандық штаб құрылды. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. 3 адам эвакуацияланды. Ақмола облысы және Астана қаласы Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары зиянды заттың ағуын тоқтатты. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz