Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып, 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды 24KZ.
Көлік Кеген ауданында «Аласа» асуының маңындағы бұрылыс кезінде жолдың шетіне шығып кеткен. Түрлі жарақат алған 5 адам сол ауданның ауруханасына жеткізілді. Тағы 16 адам Жалаңаш дәрігерлік амбулаториясына, 4 адам Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, ал 4 адам орташа ауыр жарақат алған. Қаза тапқандар жоқ. Жол апатының себебі анықталып жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz