RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да медицина университетінің ректоры парамен ұсталды

30.05.2024, 15:28 1880

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Әсет Қалиев 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен. Бұл туралы cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері хабарлады. Нақты ақпарат алдағы уақытта жария болады. Әсет Қалиев бұл қызметке осыдан 2 жыл бұрын тағайындалған болатын. Ал оған дейін Ақтөбе және Жамбыл облыстарында денсаулық сақтау басқармаларын басқарған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz