RU
Толық нұсқаға өту

Астанада тағы бір тұрғын үй кешенінен өрт шықты

24.06.2024, 10:15 1549

Оқиға кеше түнде Қошқарбаев көшесіндегі 2 мекенжайда болған.

25-ші қабатта орналасқан пәтердің самалдығында салқындатқыш пен заттар жанған. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша құтқарушылар өртті 20 минут ішінде сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өртке не себеп болғаны анықталып жатыр.

Мұның алдында «Хан шатыр» сауда үйінің жанында орналасқан көпқабатты үй өртенген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz