RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда автобус апатынан екі адам қаза тапты

18.07.2024, 15:47 1186

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы бір жол апаты тіркелді деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, көлік апаты түнде Медеу ауданында болған. Талғар тас жолының бойымен батыс бағытта келе жатқан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соғылған. Қаза болғандар бар.

Айта кетейік, Алматыда екі күн бұрын ауыр жүк көлігі қоғамдық көліктің артынан соғып, апаттан 9 жолаушы зардап шеккен болатын.

Салтанат Әзірбек, Алматы қ. ПД ресми өкілі:

- Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Екі адам қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz