RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында 8 жұмысшы жарақат алды

20.07.2024, 13:10 1300

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы пештен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 4-тер шамасында болған. Қазір өндірісте күйік шалған жұмысшылардың алтауы жансақтау және қарқынды терапияға, ал 2 адам комбустиология бөліміне жатқызылды. Бесеуінің халі өте ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты, ал бір адамның халі орташа деп бағаланып отыр. Оқыс жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz