Маңғыстауда ұстаздардан ақша жинаған мектеп басшылығына қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. "№3 арнайы мектеп" әкімшілігі мұғалімдерден ай сайын заңсыз қаражат жинаған. Сондай-ақ мектеп директоры өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды қызметкерлерін төлеуге мәжбүрлеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz