RU
Толық нұсқаға өту

Алакөлде жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам жарақат алды

25.07.2024, 19:05 1433

Жетісу облысының Ақши ауылы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды 24kz.

Алакөлде туристерге қызмет еткен әуе көлігі жағалау маңына жақындағанда аударылған. Соның салдарынан ұшқыш пен әйел адам дене жарақатын алды. Зардап шеккендерді ТЖД құтқарушылары жағаға шығарып, жедел жәрдем көлігіндегі медицина қызметкерлеріне табыстады..

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz