RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, жолаушы жарақат алды

15.08.2024, 21:52 1469

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, қоғамдық көлікті күтіп тұрған бір жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Сейфуллин даңғылымен келе жатқан троллейбус жүргізушісі рөльге ие бола алмай қалған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ал жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz