Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналыс өткізіп, мектеп оқушысының тән саудасының құлы болуына орай бұл жағдайға уақытында кедергі келтірмеген жауапты тұлғаларды жұмысынан босатты.
Атап айтқанда, жауапты мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілері қызметінен аластатылды. Ал қалалық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алса, облыстық білім басқармасының басшысына ескерту берілді. Аймақ басшысы оқиғадан зардап шеккен отбасына жан-жақты қолдау көрсетуді және аталған фактіге қатысты тергеудің барынша объективі жүруін талап етті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz