RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

24.08.2024, 16:29 1501

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Казталов – Орал тас жолында, Жалпақтал ауылының маңында болды. Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған шөп таситын көлікпен соқтығысқан. Көлікте 7 адам болған, 4 адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ернар Сұлтанғалиев, БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар. Жол-көлік оқиғасы кезінде полиция қызметкері пен оның жұбайы ГАЗ-3102 автокөлігінің жолаушылары болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz