Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатында мердігер компанияның 2 жұмысшысы қаза тапты.
Олар биіктіктен құлап кеткен. Қайғылы жағдайды зауыттың баспасөз қызметі растады. Олардың айтуынша, марқұмдардың бірі – 2005, ал екіншісі – 1986 жылғы азамат. Қазір осы оқыс оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін облыстық еңбек инспециясы арнайы комиссия құрды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz