RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында жолда қалған 600-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

12.10.2024, 19:32 2338

Астана – Көкшетау автожолының жабылуына байланысты 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланды, деп хабарлайды 24kz.

Боран мен көктайғақ салдарынан аймақта ескерту жарияланды. Ұлттық тасымалдаушы компания ауа райы қолайсыздығына тап болған адамдарды жеткізу мақсатында қосымша 13 вагон бөлді. «Қазгидромет» орталығының мәліметінше, республиканың басым бөлігі циклон ықпалында. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деген болжам бар. Ал солтүстік аймақтарда қар, боран, көктайғақ пен жел күтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz