Алматы облысында зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш-құрал жұмылдырылды. Оның темір қапастан қалай сытылып шыққанын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Бұл жағдай қазір Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
Меруерт Морякова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
- Қашу жағдайын анықтау бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Бұл жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz