Биыл қазан айында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаменті мемлекеттік кеден арқылы жанар-жағармайды заңсыз өткізудің 160-қа жуық жағдайының алдын алды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналары арқылы, сондай-ақ, қайта жабдықталған газ баллондары мен түрлі шаруашылық ыдыстарының көмегімен тасымалданған. Биыл жыл басынан бері осы учаскеде жанар-жағармай тасымалдаудың 1 200-ден астам жағдайының алды алынды. Аталған фактілер бойынша материалдар құзыретті органдарға тапсырылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz