RU
Толық нұсқаға өту

Атыраудағы сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты. LIVE

27.10.2024, 21:15 1776

Атырауда сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды 24kz.

Оқыс оқиға кешкі сағат 19.00-ге таяу Құлманов көшесіндегі нысанда болған. Қызыл жалын лапылдаған бейнекадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Апат орнына жеткен құтқарушылар сол сәтте ғимарат ішінде болған 80 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 45-і бала. Ресми ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккендер жоқ. Ал оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Тілсіз жауды ауыздықтауға, жеке құрамның 90 қызметкері мен 12 техника  жұмылдырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz