RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жоғалған ер адам табылды

29.10.2024, 12:15 1764

Кеше кешкісін Кеген ауданы Бөлексаз ауылынан 1974 жылы туған ер адам жоғалды.

Бұл туралы Төтенше жағдай министірлігі хабарлады. Ол мал іздеу үшін атпен тауға шыққан. Іздеуге ұшақсыз ұшу аппараты, жедел-құтқару жасағының кинологиялық жасағы жұмылдырылды. Іздестіру тобы 8 шақырым жерден жоғалған адамды тапты. Оның денсаулығында кінәрат жоқ. Жағдайы қалыпты, оған медициналық көмек қажет болмаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz