RU
Толық нұсқаға өту

Жер сілкінісі Талғар тұрғындарына қатты сезілді

05.11.2024, 13:20 1768

Жер сілкінісі Талғар қаласының тұрғындарына қатты сезілді, деп хабарлайды 24KZ. Айтуларынша, дүмпу әп-сәтте өте шыққан.

Толқын Айтова, Талғар қаласының тұрғыны:

- Талғарда сағат 10-да жер сілкінісі болды. Мен «Қазпоштада» хат жіберейін деп тұрған едім. Аяқасты шатыр-шұтыр етіп кетті. Есім шығып кетті. Орнымнан тұра шығуға асықтым.

Жанар Акитайқызы, Талдыбұлақ ауылының тұрғыны:

- Сақырлап кетті ғой. Бәрі қорқынышты болды. Қазір мектептегі оқушыларды түске дейінгі ауысымды таратып жатыр екен. Екінші ауысымдағылар әлі шешілмей тұр, онлайн бола ма, барып оқи ма. Қорқынышты ғой.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz