RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртенді

10.11.2024, 11:48 1806

Қостанай облысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртеніп жатқан үйден 50 литрлік газ баллонын шығарып үлгерді, деп хабарлайды 24kz.

Сарыкөл ауданы Севастополь ауылында жеке үй отқа оранды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жылу пештері мен тұрмыстық газды аса сақтықпен қолдану қажеттігін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz