Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепші анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Ол мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам ақшаны жымқырған. Мұғалжар ауданындағы 4 балабақша есепшілерінің атынан құжаттарға өзі қол қойып, қаражатты сол әріптес-сыбайластарының шотына аударған. Нәтижесінде екі балабақшаның бухгалтерлері 5 млн теңгеден астам шығынды өтеп, қылмыстық іс тоқтатылды. Ал қалған екі балабақша есепшілері 49 млн-ды заңсыз қалтаға басқандары үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz