Қостанай облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жұмыстардың құнын негізсіз көтеру фактілері анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің дерегінше, әкімдіктер сметаға жоба сомасының 2% мөлшерінде күтпеген шығыстарды енгізген. Заңға қарсы әрекеттің салдарынан жолдарды жөндеу құны 840 млн теңгеге өскен. Сонымен қатар сметаны қалыптастыру кезінде сметалық пайда 8%-тік ескі нормативпен есептелген. Ал жаңа ережеге сай ол 5% болуы керек. Мониторинг кезінде мердігер орындаған жұмыстардың сапасын бақылау жолдардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізілгені де анықталды.
Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Нәтижесінде жыл сайын жөнделетін учаскелердің 20-30% Ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалы тексермеген. Мысалы, Меңдіқара ауданында Боровская – Ұзынағаш жолының 3 шақырымында ғана сынақ жүргізілген, оның ұзындығы – 28 шақырым. Талдау қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі шарттардың талаптарын қайта қарап, күтпеген шығыстар алынып тасталды, сондай-ақ мердігер ұйымдар 32 млн теңге көлемінде негізсіз алынған қаражатты өтеді.
Тегтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz