RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында құдыққа түсіп кеткен екі бала құтқарылды

08.12.2024, 20:55 1560

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында бір жасар бала тереңдігі екі метр болатын құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды 24kz.

Артынан көмекке асыға жеткен сегіз жасар әпкесі де бірге түсіп, қайта шыға алмаған. Бүлдіршіндердің ата-анасы дереу құтқарушыларға қоңырау шалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, құтқару арқанының көмегімен балаларды шығарып алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz