RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беруге уәде еткен адам ұсталды

11.12.2024, 10:33 1369

Павлодарда жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ алып беруге уәде еткен күдікті ұсталды.

Отыз жеті жастағы қала тұрғыны клиенттерге барлық процестер заңды деп түсіндірген.

Бірақ қажетті қаражатты алып алған соң байланысқа шықпай қойған. Заң мен тәртіп аясында жүргізілген жедел-іздестіру барысында күдіктінің осыған ұқсас 20 фактіге қатысы бары анықталды. Алаяқтың Павлодардағы Халыққа қызмет көрсету орталығында таныстары болған. Қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Бұл іс бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изолияторына қамалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz