RU
Толық нұсқаға өту

Астана – Щучье бағытында 90 көлік соқтығысты

03.01.2025, 17:02 1581

Ақмола облысындағы тасжолда күн райының қолайсыздығы салдарынан бір мезетте 90 көлік соқтығысты, деп хабарлайды 24KZ. Жаппай көлік апаты Астана – Зеренді трассасы бойындағы Жаңаталап ауылы маңында болды.

Қазір оқиға орнына 16 дана арнайы техника мен құтқарушылар жеткен. Жүргізушілер мен жолаушыларға көмек беру ұйымдастырылды. Зардап шеккен екі адам емдеу мекемесіне жеткізілген. Жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. Кейінгі екі тәулік бойы өңірде күн райы күрт құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, кей аймақтарға тұман түскен. Сондықтан полицейлер алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz