RU
Толық нұсқаға өту

«Астана – Щучинск» жолында қалған 71 адам құтқарылды

03.01.2025, 19:15 1579

«Астана – Щучинск» бағытында жолда қалған 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту бекетіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Кешкі бес жарымдағы жағдай бойынша тағы 11 адам құтқарылып, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір Ақмола облысындағы Макинск қаласы мен Қоғам, Жаңаталап, Алтынды ауылдарында жылыту бекеттері жұмыс істеп тұр. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 152 адам және 68 техника жұмылдырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz