RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда үй өртеніп, екі бала көз жұмды

09.01.2025, 19:35 779

Қарағандыда жеке үй өртеніп, 2 және 4 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.

Ал, 7 және 9 жастағы жеткіншектер сыртқа шығып үлгерген. Көміртегі тотығымен уланған олар клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. «Екеуінің де жағдайы қалыпты», - дейді дәрігерлер. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. 50 шаршы метр аумақ өртенді.

Думан Далешов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өкінішке орай екі баланың денесі табылды. Оларды біз медициналық қызметке бердік. Ол кісілер барынша олардың өміріне араша түсіп, алып қалуға тырысты. Бірақ екі бала қаза тапты. Қазіргі уақытта өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан басқа сараптамалар тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz