Қызылорда облысында кәсіпорыннан мұнай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 24kz.
Күдіктілерді ұстау операциясын полицейлер мен прокурорлар бірлесе жүргізді. Мекеме қызметкерлері мен күзетшілердің де қылмысқа қатысы бар болып шықты. 20-дан астам тінту жүргізіліп, 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Кәсіпорынға 200 млн теңгеден астам шығын келген. Ұсталған 12 күдіктінің 9-ы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаменті мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуді бастады.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
- Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келген шығын 200 млн теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz