RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда базар қоймасы өртке оранды

17.02.2025, 08:35 437

Кеше Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы базардың қоймасы өртке оранды, деп хабарлайды 24kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 20 сағат 17 минутта келіп жеткен.

Жедел штаб құрылып, құтқарушылар қауырт дәрежеде жұмыс істеді. Қызыл жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті ішкі құрамынан 70-тен астам өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Қоймадағы заттар жанғыш болғандықтан әрі жоғары вольтты электр желісінің жақын орналасуынан өртті сөндіру қиынға соққан. Жедел әрекет ету нәтижесінде өрт 21 сағат 38 минутта сөндірілді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz