Бүгін Атырау облысындағы Теңдік теміржол станциясының өткелінде пойыз жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды 24kz.
Жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып, бригада жұмысшылары зардап шекті. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының мәліметінше, өткен жылы теміржол өткелдерінде көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан 28 жол апаты тіркелген. Сондықтан теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екенін ескертеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz