Ақтөбе облысында балалардың қытай тәттісінен улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24kz.
«Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату» бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Қобда ауданында 4-сынып оқушысы дүкеннен Қытайда өндірілген тәттіні сатып алып, сыныптастарына үлестірген. Белгісіз тағамды жеген балалардың көзі жасаурап, құсып, денесі бөртіп кетеді. Уланған 23 жеткіншек аудандық ауруханаға жатқызылып, денсаулығы түзелген соң үйіне жіберілді.
Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Аталмыш дүкеннен 12 қорап снек тәркіленіп, олар сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданатын болады. Қазіргі таңда балалар үйлерінде. Медиктердің қарауында.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz