RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында 5 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

04.03.2025, 19:11 603

Жетісу облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Кейінгі екі жылда аймақтағы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері төрт алаяқтық фактісін әшкерледі. Ал биыл тағы біреуінің жұмысы тоқтатылды. Күдіктілер жымысқы әрекеті арқылы 200-ден аса адамды сан соқтырып, 300 млн теңгеден аса шығын келтірген. Олар жылжымайтын мүлік, көлік және тұрмыстық заттарға инвестиция салып, жұмсалған қаржыдан ай сайын 30%-тік үстеме алып отыруды ұсынған.

Жанел Тоқтамысұлы, Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

- Қаржы пирамидасының құрығына көбіне мемлекеттік қызметкерлер, медицина мамандары, мұғалімдер түскен. Қазіргі кезде зейнеткерлер де осындай ұйымдарға кіре бастағаны байқалады. Біздің департамент тарапынан қаржы пирамидаларын анықтау және тұрғындарды сақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz