RU
Толық нұсқаға өту

Қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

10.03.2025, 11:31 1371

Мамандар ескертіп жатқанымен елдің кейбір өңірінде

көліктер қар құрсауында қалып қойып жатыр. Мәселен, «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Ресей шекарасы» автожолында қалып қойған автобус жолаушыларына көмек көрсетті. Онда 100 адам болған, оның 18-і бала. Жолаушылар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Барлығы дін аман. Ал елдің шығысындағы «Марқакөл-Қарой» автожолында жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды. Құтқарушылар ондағы 2 адамды жақын маңдағы фермаға аман-есен жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz